Жапонияда жазғы Азия ойындарының бесінші жарыс күні өтіп жатыр. 2026 жылғы 24 қыркүйекте Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың тағы бір алтын медаль жеңіп алғанын хабарлады.
Академиялық ескек есуден Қазақстан өкілдері 6 минут 25,13 секунд нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болды.
Күміс медальді Қытай өкілдері Чуан Цао мен Мэншуай Ян жеңіп алды. Олар қазақстандық спортшылардан 2,09 секундқа қалып қойды.
Үшінші орынға Өзбекстаннан Максим Голубев пен Алишер Турдиев ие болды. Олардың нәтижесі – 6 минут 32,34 секунд.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы медальдар есебінде төртінші орында тұр. Көш бастап тұрған Қытайдың еншісінде ең көп алтын медаль бар. Екінші орында – Жапония, ал үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндейді.