Отандасымыз ақтық бәсекеде Коки Каномен (Жапония) айқасқа шықты. Тартысты бәсекеде жапониялық спортшы 15:13 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Коки Кано - шпагадан Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарының чемпионы.
Осылайша6 Кирилл Проходов Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті күміс медальді салды.
Бұған дейін Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында академиялық ескек есуден Қазақстан өкілдері 6 минут 25,13 секунд нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болғаны хабарланған.