Қазақстандықтар Азия ойындарында тағы бір алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандықтар Азия ойындарында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 09:50 Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Владислав Яковлев пен Иван Чернухиннен құралған Қазақстан экипажы академиялық ескек есуден ерлер арасындағы жұптық жарыстың А финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жапонияда жазғы Азия ойындарының бесінші жарыс күні өтіп жатыр. 2026 жылғы 24 қыркүйекте Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың тағы бір алтын медаль жеңіп алғанын хабарлады.

Академиялық ескек есуден Қазақстан өкілдері 6 минут 25,13 секунд нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болды.

Күміс медальді Қытай өкілдері Чуан Цао мен Мэншуай Ян жеңіп алды. Олар қазақстандық спортшылардан 2,09 секундқа қалып қойды.

Үшінші орынға Өзбекстаннан Максим Голубев пен Алишер Турдиев ие болды. Олардың нәтижесі – 6 минут 32,34 секунд.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы медальдар есебінде төртінші орында тұр. Көш бастап тұрған Қытайдың еншісінде ең көп алтын медаль бар. Екінші орында – Жапония, ал үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: