Sports.kz WTA-ға сілтеме жасап хабарлағандай, Соболенко Нинбодағы жарысты екінші жыл қатарынан өткізіп алады. Алайда турнирге мықты теннисшілер қатысады деп күтілуде.
Жарыстың бірінші сұрыптаулы ойыншысы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина болады. Ол – турнирдің қазіргі чемпионы.
Өткен маусымда Рыбакина финалда ресейлік Екатерина Александровадан 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанған.
Қатысушылардың алдын ала тізіміне сондай-ақ америкалық Джессика Пегула, польшалық Ига Швёнтек, украиналықтар Элина Свитолина мен Марта Костюк, швейцариялық Белинда Бенчич, ресейлік Диана Шнайдер және америкалық Ива Йович енген.
Қыркүйекте АҚШ ашық чемпионатының (US Open) қорытындысы бойынша Соболенко әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінен ресми түрде айырылды.
Бұған дейін Юлия Путинцеваның әлемнің 35-ракеткасына қарсы ойында тартысты бәсеке көрсеткені хабарланған болатын.