Қазақстан нысана көздеуден Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды

Сурет: olympic.kz
Қазақстан әйелдер құрамасы нысана көздеуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының іріктеу кезеңінде сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

50 метрден үш қалыпта мылтықпен ату сайысында ел намысын Арина Малиновская, София Шульженко, Елизавета Безрукова қорғады.

Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша Арина 587 ұпай еншілеп, тоғызыншы орынмен финалға өтті. Ал Шульженко 585 ұпаймен 14-орын, Безрукова 582 ұпаймен 22-орын алды. Олар іріктеуден өте алмады.

Іріктеудегі нәтижелер командалық бәсекеде де есепке алынды. Қазақстан құрамасы 1754 ұпаймен қола медальға ие болды. Қытай бірінші орын алса (1773), Үндістан күміс жүлдеге қол жеткізді (1763).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Стелла Суханова Азиада-2026 ойындарындағы екінші қола медалін жеңіп алды

Ғалымдар ұзындығы 300 метрлік тау туннеліндегі ежелгі құпияны ашты