Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық жұп 286,0826 ұпай жинап, үшінші орын алды.
Алтын медальді 322,8468 ұпай жинаған Қытай өкілдері Линь Яньцзюнь мен Сюй Хуэйян жеңіп алды. Күміс жүлде 291,7134 ұпаймен жапониялық Моэ Хига мен Томока Сатоға бұйырды.
Қазақстандықтар екінші орын алған жапониялық жұптан 5,6308 ұпайға қалып қойды.
Бұған дейін жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарында алтын медаль иеленгенін жазғанбыз. Тоқсанбаева спорттық жүрістен марафон қашықтықтығында бақ сынап, мәреге бірінші болып жетті.