Ауыр атлет Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс медаль еншіледі

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Аянат Жұмағали Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әйелдер арасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.

"А" финалының қорытындысы бойынша Аянат Жұмағали екінші орын иеленіп, Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медаль салды.

Бұл жүлде ұлттық құраманың төртжылдықтың басты құрлықтық додасындағы медаль қорын толықтырды.

XX жазғы Азия ойындары Айчи–Нагояда 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтіп жатыр.

Бұған дейін Ясмина Токсанбаева Қазақстанға Азия ойындарының тоғызыншы "алтынын" сыйлаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қорғаныс министрі жаңадан тағайындалды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер наградталды