Отандасымыз биіктікке секіруден ақтық сында бақ сынады. Кристина өзінің үздік мүмкіндігінде 187 см биіктікке секіріп, екінші орын алды.
Өзбекстандық Барнохон Сайфуллаева алтын медаль жеңіп алды - 190 см. Үндістан өкілі Пуджа үшінші орынға ие болды - 184 см.
Қазақстандық Надежда Дубовицкая 184 см биіктікті бағындырып, бесінші орынға ие болды.
Бұған дейін кураштан Арайлым Шегенова Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын жазғанбыз.