Отандасымыз 72 келіге дейінгі салмақтың қола медалі үшін Жапония өкілі Махиро Ешитакемен күш сынасты.
Белдесу 6:4 есебімен жапониялық балуанның пайдасына аяқталды.
Осылайша, Жәмила Бақбергенова елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында бесінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, қазақстандық балуанның еншісінде әлем чемпионатының үш күмісі және бір қола медалі бар.