Дакар-2026 жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды

Сурет: olympic.kz
Сенегалдың Дакар қаласында өтетін IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен волейболшы Әлихан Ағабек ұстап шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. 2026 жылы отандасымыз кадеттер арасында әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ оның қоржынында 2025 жылы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алтын медалі бар.

Әлихан Ағабек жағажай волейболынан Оразалы Сағынышпен бірге Қазақстан намысын қорғайды. 2025 жылы қос спортшы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұған қоса, қазақстандық жұп 2026 жылы 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионатының 1/16 финалына дейін жетті.

Сурет: olympic.kz

Жалпы, Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында 18 қазақстандық 11 спорт түрінен бақ сынайды.

Айта кетейік, Дакар-2026 жасөспірімдер Олимпиадасына спортшыларды іріктеу тәртібі өзгерді. Бұрынғы Ойындардан айырмашылығы, бұл жолы арнайы іріктеу турнирлері өтпейді. Олимпиада жолдамаларын Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен халықаралық спорт федерациялары белгіленген талаптар бойынша бөледі.

Еске салайық, IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы 2026 жылғы 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді. Дакар Африка құрлығында Олимпиада ойындарын қабылдайтын алғашқы қала болмақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Астанада ер адам өзін негізсіз жұмыстан шығарған жұмыс берушісінен 7 млн теңге өндіріп алды

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды