Бұл кезеңде Оразалы Сағыныш пен Әлихан Ағабек Иран өкілдері Амирреза Джамшиди Халкиасари және Амин Вакилимен кездесті.
Тартысты өткен ойында 2:1 (19:21, 21:12, 15:13) есебімен Иран спортшылары жеңіске жетті.
Қазақстандық жұп алғашқы сетте басым түскенімен, қарсыластары таразы басын теңестірді. Ал шешуші үшінші кезеңде Иран құрамасы жеңісті суырып алды.
Осылайша, Оразалы Сағыныш пен Әлихан Ағабек жасөспірімдер Олимпиадасындағы өнерін аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық волейболшылар С тобында екінші орын алып, 1/8 финалға жолдама алған болатын.