Sportarena.kz басылымының жазуынша, Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері арасындағы тартысты партия жарыстың алтыншы турында өтті. Турнир швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылған.
Бибісара Асаубаева қара түспен ойнап, қарсыласына жол берді. Тоғыз турдың қорытындысы бойынша қазақстандық шахматшы 0,5 ұпай ғана жинап, 24-орынға тұрақтады. Ал Нодирбек Абдусатторов 2,5 ұпаймен 22-сатыға жайғасты.
Алғашқы блиц турнирінің жеңімпазы норвегиялық Магнус Карлсен атанды. Ол жеті ұпай жинады. Екінші орынды 6,5 ұпаймен франциялық Максим Вашье-Лаграв иеленсе, үздік үштікті алты ұпай еншілеген америкалық Левон Аронян түйіндеді.
Айта кетейік, Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 супертурнирі Будапештте 10-20 қараша аралығында өтеді. Жарыс бағдарламасына үш дисциплина: блиц, рапид және жылдам классика енгізілген.
Бұған дейін Дакарда 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары жалғасып жатқаны хабарланған еді. 2026 жылғы 10 қарашада Қазақстан құрамасы жарыстағы екінші алтын медалін жеңіп алды.