Қазақстанның ең мықты велошабандозы XDS Astana Team командасының бас жаттықтырушысы болды

Сурет: xds-astana.com
"Астана" жобасының бұрынғы шабандозы (2013–2024), Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және Азия ойындарының чемпионы Алексей Луценко биыл кәсіби шабандоз ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін XDS Astana Team командасына қайта оралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Велотоптың ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, 2027 жылдан бастап Алексей Луценко команданың спорттық тиімділік тобына бас жаттықтырушы ретінде қосылады.

"Астана" жобасының жүрегімде алатын орны ерекше. Кәсіби мансабымның басым бөлігі осында өтті, басты жетістіктерімнің барлығына дерлік осы жерде қол жеткіздім және спорттық отбасымды таптым. Сондықтан жобаға жаңа қызметте қайта оралып, жарыс жолындағы емес, спорттағы мансабымды жалғастыру мен үшін тек жағымды сезімдер сыйлайды. Шабандоздан команда жаттықтырушысына дейінгі жолдың оңай болмайтынын және тәжірибе жинап, жаңа қызметке бейімделу үшін уақыт қажет екенін түсінемін". Алексей Луценко

Дегенмен, ол өзіне, күшіне және біліміне сенетінін айтады.

"Табанды еңбек етсем, бәрі ойдағыдай болады деп білемін. Артымда мол спорттық тәжірибе бар екенін жақсы түсінемін және сол тәжірибеммен жобаның жас шабандоздарымен де, кешегі командаластарыммен және пелотондағы әріптестеріммен де бөліскім келеді. 2027 жылы ортақ командалық мақсаттарымызға жету жолында командаға пайдамды тигізе аламын деп үміттенемін", — деді Алексей Луценко.

Бұған дейін Қазақстан легионерлерге жұмсалатын қаржыдан 8 млрд теңге үнмедегенін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

Қазақстандықтар 2026 жылғы желтоқсанда неше күн демалады

Ер адам мәйітханада "тіріліп", темекі сұрады: оқиға видеоға түсіп қалды