Жібек Құламбаева теннистен Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Колинада (Чили) өтіп жатқан WTA 125 турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз Словения өкілі Вероника Эрьявецпен бірге жұптасып өнер көрсетуде.
Қазақстандық-словениялық жұп ширек финалда түркиялық Ипек Оз бен грекиялық Деспина Папамихаилды 6:0, 6:2 есебімен жеңді.
Осылайша, олар турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін Жібек Құламбаева Вероника Эрьявецпен бірге Колумбияда өткен турнирде топ жарған болатын. Сондай-ақ Қазақстанның ең мықты велошабандозы XDS Astana Team командасының бас жаттықтырушысы болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript