Жібек Құламбаева Польшадағы турнирдің финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан ITF W50 санатындағы турнирдің жұптық сыны бойынша жартылай финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, қазақстандық теннисші Мажарстан өкілі Амарисса Тотпен жұп құрып, эстониялық Елена Малыгина мен чехиялық Ивана Себестоваға қарсы ойнады.
1 сағат 24 минутқа созылған кездесуде Жібек пен Амарисса өз доптарын бергенде үш геймде жеңіліс тапқанымен, қарсыластарының алты геймін брейкпен алып, екі сетте 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Финалда Құламбаева мен Тот Финляндия өкілі Лаура Хиетаранта мен Германиялық Жоэль Лилли-Софи Штойр немесе Польша теннисшісі Вероника Фальковска мен испаниялық Георгина Гарсия-Перес жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript