ШҚО-да 140 млн теңгенің субсидиясын заңсыз алу дерегі ашылды

Сурет: pixabay
Белгіленген ережелерді бұза отырып, субсидия алу деректері орын алуда.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті бірқатар үлестес кәсіпорын басшыларына қатысты субсидияларды заңсыз алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЖШС басшыларының бірі 2019-2020 жылдар аралығында «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде жалпы сомасы 140 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алған. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы үлестес кәсіпорындармен 1000-нан астам асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу туралы жалған шарттар ұсынған.

Ұйымдастырушы қамауға алынды.

Тергеу жүргізілуде, басқа ақпарат жария етілмейді.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты