ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментімен «Kcell Solutions» ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына қатысты жалған құжаттарды пайдалану арқылы жалпы соммасы 450 миллион теңге компанияның сенiп тапсырылған мүлкiн аса ірі көлемде жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу кезінде анықталғандай, компанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпан айы мен 2021 жылдың сәуір айы аралығында 258 миллион теңге ақша-қаражатын 5 компанияның есепшотына алдын ала түзілген жалған келісімшарттар мен бухгалтерлік құжаттар негізінде және өзінің айлық есепшотына негізсіз 192 миллион теңгені аударып, нәтижесінде қолма-қол ақшаға айналдырып жымқырған. ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі
Осылайша меншікке қарсы қылмыстық құқықбұзушылық жасап, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрамына, яғни бақылаушы акцияларының 51% «Қазақтелеком» АҚ-на тиесілі «Кселл» АҚ-на аса ірі мөлшерде залал келтірген.
Күдікті азамат жымқырған ақшаны PariMatch және Олимп букмекерлік кеңселерінде ұтылған. ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі
Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау шарасы қолданылған.
Тергеу амалдары жалғасуда. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.