Франция Мұхтар Әблязовті босқын мәртебесінен айырды

Сурет: Instagram/mukhtarablyazov
Бірнеше елде қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған бұрынғы қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовқа Францияның босқындар құқықтары жөніндегі ұлттық соты (CNDA) саяси баспана беруден бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл 8 желтоқсандағы сот шешіміне сәйкес, CNDA Мұхтар Әблязовтің адвокаттары - Пикуа мен Карим Бейлунидің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2020 жылдың қыркүйегінде CNDA бұрынғы банкирге саяси баспана берген болатын. Алайда 2021 жылдың желтоқсанында Франция Мемлекеттік кеңесі оның күшін жойып, CNDA-ға қайта қарау үшін кері жолдады. Ол кезде Мемлекеттік кеңес олигархқа босқын мәртебесі берілмеуі керек деген ұстанымын білдірді, өйткені ол "баю" тұрғысындағы жеке мүддесіне сай БТА-да алаяқтық схемасын құрған.

Айналып келгенде, 9 желтоқсанда CNDA Әблязовты Франциядағы саяси баспанасынан айырды. Енді заң бойынша ол Франциядан өзіне қарсы түрлі қылмыстық істер қозғалған Қазақстан немесе Ресей, Украина және Ұлыбритания сынды елдердің біріне депортацияланады немесе экстрадицияланады деп күтіледі.

Әблязов жалған несие беру арқылы БТА-дан миллиардтаған долларды ұрлап әкеткен, сол үшін ол Қазақстанда сотталып, Біріккен Корольдіктің соттарымен кінәлі деп танылған. АҚШ-тағы сот процестері барысында Әблязовтың қылмыстары туралы қосымша дәлелдер жиналып, сонымен қатар көптеген куәгерлер айғақ берді.

2022 жылдың қыркүйегінде Мұхтар Әблязовтың халықаралық іздеуде жүрген тағы бір сыбайласы ұсталғаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты