Ресей соты Google мен Meta компанияларына миллиардтап айыппұл салды

Сурет: pixabay
Айыппұлдың жалпы сомасы 9 миллиард рубльден асады. Компанияларға айналымдағы айыппұл тағайындалды, яғни белгіленген ставка бойынша емес, жылдық кірістен есептелетін айыпұлды, деп хабарлайды Zakon.kz

RFI мәліметтері бойынша, сот Google-ге 7,2 миллиард рубль, Meta компаниясына 1,9 миллиард рубльден астам айыппұл салды.

Бұл санкцияны есепке алмағанда, Google-дің жалпы айыппұлдарының сомасы 58 миллион рубльді құрайды. Meta-ға 83 миллион рубль айыппұл тиесілі.

Бұл айыппұлдар Ресейде тыйым салынған контентті жоюдан, сондай-ақ Ресейде орналасқан серверлерде ресейліктердің жеке деректерін сақтаудан бас тартқаны үшін тағайындалды. Тыйым салынған контент Алексей Навальныйдың қамауға алынып, түрмеге жабылғанынан кейінгі наразылық акциясына қатысты еді.

Осыған дейін сот Telegram, Facebook, Twitter және TikTok сияқты басқа да ірі интернет-қызметтер мен әлеуметтік желілерге де айыппұл салған болатын.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды