WhatsApp-та сілтемеге өтудің жаңа функциясы пайда болады

Жаңа опция мессенджерден сайтқа өтер алдында бұл ақпарат көзі туралы аз-кем ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді. Опция көрсетілген сілтемеге өтудің мағынасы бар-жоғын бағалауға көмектеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

WhatsApp мессенджері сілтемелерге өтпес бұрын оны алдын-ала бағалау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды WABetaInfo.

Жаңа опция мессенджерден сайтқа өтер алдында бұл ақпарат көзі туралы аз-кем ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді.

Сілтемені бірінші рет түрткен кезде WhatsApp чатында атауы, сипаттамасы және толық мекен-жайы бар шағын терезе ашылады. Екінші түрту кезінде ғана браузерге өтуге жол ашылады.

Сілтемелерді алдын-ала қарау WhatsApp статусын Instagram-дағы оқиғалардың баламасына ұқсас етеді.

Қазіргі уақытта WhatsApp сайтқа өтпес бұрын сілтемені алдын-ала қарап алуды ұсынады, бірақ мақсатты ресурс туралы қосымша ақпарат бермейді және жай сілтемені көрсетеді. Ал жаңа опция көрсетілген сілтемеге өтудің мағынасы бар-жоғын бағалауға мүмкіндік береді.

Жаңа функция даму сатысында. Ол қатардағы пайдаланушыларға қашан қолжетімді болатындығы әлі айтылмайды.

Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: