Байқоңырдан "Протон-М" зымыраны ұшырылды

Сурет: "Роскосмостың" баспасөз қызметі
2022 жылы 12 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды. Ол Анголаның "Ангосат-2" телекоммуникациялық жерсерігін суборбитальды траекторияға шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта ДМ-03 үдеткіш блогы жерсерікті нысанаға алынған "Ангосат-2" геостационарлық орбитаға (биіктігі шамамен 36 мың км шеңбер орбитаға) шығыс бойлықпен 23 градус позициясында орналастыру үшін апара жатыр. "Роскосмос" баспасөз қызметі

Құрылғы тек Анголаны ғана емес, бүкіл Африканы, тіпті Еуропаның оңтүстік елдерін де телекоммуникация қызметтерімен қамтуға қабілетті екендігі айтылады. Ол бір орындағы және жылжымалы байланысты, цифрлық телерадио хабарларын тарату және жоғары жылдамдықтағы Интернетке қол жеткізу қызметтерін қамтамасыз етуге арналған.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті