"Самұрық-Қазына" басшысы АЭС құрылысы бойынша жұмыстар қашан қолға алынатын айтты

Сурет: pixabay
Үкімет құрылыс алаңын анықтауға жақын. Құрылыс алаңы ресми түрде анықталғаннан кейін құрылыстың "вендорын" анықтау рәсімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда дәлізінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, Қазақстандағы АЭС құрылысы халықаралық консорциум түрінде жүзеге асырылуы керек. Мұндай шешім Түркия, Венгрия, Франция, Оңтүстік Корея, Қытайда жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан алаңдарға сарапшылар тобы барып, үлкен жұмыс атқарғаннан кейін қабылданған.

Егер ядролық арал туралы айтатын болсақ, Ресей, Корея, Франция ең тиімді технологияны ұсына алады. Егер энергетикалық жабдықтар туралы айтатын болсақ, онда электр энергиясын өндірумен байланысты "General electric" және корей өндірушілерінің ең жақсы технологияларын көріп отырмыз. Егер біз өте маңызды бөлігін, яғни көмекші жабдықтар - автоматика, есепке алу жүйелері, сорғы жабдықтары туралы айтар болсақ, онда көптеген өндіруші бар. Олар негізінен Франция, Германия сынды Еуропа елдерінде шоғарыланған. Арасында Siemens те бар. Алмасадам Сәтқалиев

Алмасадам Сәтқалиев 2023 жылы бірыңғай блоктың форматы, құрылысы, орны, қуаты және қаржыландыру шарттары бойынша түпкілікті шешім қабылданатынын да жеткізді.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердымұхамедов кездесу өткізіп жатыр.

Қазақстан
Самұрық-Қазына

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті