SpaceX компаниясы ғарышқа тағы 56 Starlink жерсерігін жөнелтті

Сурет: SpaceX
АҚШ-тың SpaceX компаниясы орбитада топтаса түзілген Starlink ғаламдық желісін толықтыра түсу үшін тағы бір шағын жерсеріктер партиясы тиелген Falcon 9 ауыр зымыран тасығышын көкке ұшырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы компанияның Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

"56 жерсеріктің Starlink-ке бе алғаны расталады", делінген хабарламада.

Зымыран бейсенбіде Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш кешенінен АҚШ-тың шығыс жағалауындағы уақыты бойынша 04:32-де (Астана уақыты бойынша 15:32-де) көкке көтерілді.

Зымыранды ұшыру кезінде SpaceX-тің YouTube арнасында тікелей трансляция жүргізілді.

Қазіргісімен есептегенде SpaceX 3,8 мыңға жуық Starlink жерсеріктерін орбитаға шығарып үлгерді. Олардың бір бөлігі істен шыққан. Сонда 3,5 мыңға жуық аппарат орбитада жұмыс істеп тұр.

Қазіргі уақытта компания әлемдегі ең ірі спутниктік оператор болып табылады. Starlink-тің интернеті 44 елде, соның ішінде Солтүстік Америка, Еуропа, Қиыр Шығыс және Австралия пайдаланушыларына қолжетімді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды