WhatsApp "Чатты жабу" деген жаңа функцияны іске қосады

Сурет: pixabay
WhatsApp өз қолданушыларына жеке хат алмасуларына бөгденің кіруіне тыйым салуға мүмкіндік беретін "Чатты жабу" мүмкіндігін ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми мессенджер блогының хабарлауынша, жабық чаттардағы хабарламалардың мазмұны мұндайда автоматты түрде жасырылады.

"Чатты жапқаннан кейін ол негізгі экраннан бөлек қалтаға сусып түседі. Оны ашу үшін құпия сөз енгізу немесе биометриялық деректерді сканерлеу қажет болады, мысалы, саусақ ізін. Сонымен қатар, жабық чаттардағы хабарламалардың мазмұны автоматты түрде хабарландырулар тізімінен көрінбей қалады", - деп атап өтеді WhatsApp.

Осылайша, кейбір хат-хабарларының толықтай құпия болуын қалайтын пайдаланушыға телефоны ашық күйінде жақын адамдарының, достарының немесе жаман ниетті жандардың қолында болған жағдайда еш саспауына болады. 

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті