VPN-ді қалай таңдау керек және оның қандай қаупі бар

Бүгінгі таңда дербес деректерді қорғау күнделікті өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Желідегі қауіпсіздік пен анонимдікке алаңдайтын пайдаланушылар антивирустық бағдарламалар мен VPN орнатады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы орайда VPN-ді қалай дұрыс таңдау керектігін Қазақстандағы, Орталық Азиядағы және Моңғолиядағы "Касперский зертханасының" басқарушы директоры Валерий Зубанов түсіндірді.

VPN дегеніміз не?

VPN (virtual private network) – бұл пайдаланушы деректердің шифрланған түрде VPN провайдерінің сервері арқылы берілетін технологиясы. Осылайша, деректерді қосымша қорғауға болады. Дегенмен, VPN бірқатар киберқауіптерден сақтамайды. Мысалы, ол құрылғылар мен деректерді зиянды бағдарламалық жасақтамадан немесе фишингтен қорғамайды.

VPN провайдері шифрланған деректерге қол жеткізе алмайды. Бірақ, ол статистиканы қайта сату мақсатында сайттарға кіру тарихын жинай алады. Сондықтан, белгілі бір қызметтің қандай шарттармен ұсынылатынын мұқият оқып шығу керек.

VPN пайдалану құпия деректерге қауіп төндіре ме?

Кез келген бағдарламаны жүктеу кезінде мұқият болу қажет. Қаскөйлер әртүрлі танымал қосымшалардың, соның ішінде, VPN-дердің атын жамылып, "трояндарды" тарата алады. Жақында VPN қызметінде браузерлерден деректерді ұрлап, экранның скриншоттарын түсіріп, пернелерді басып алатын трояндық-стилер жасырылды.

VPN-ді қандай критерийлер бойынша таңдау керек?

Бағдарламаларды тек ресми ресурстардан (қосымшалар дүкендері мен компаниялардың веб-сайттарынан) жүктеу маңызды.

Сондай-ақ, тегін VPN-нің қауіпті болу мүмкіндігін есте ұстаған жөн. Көбінесе олар монетизациялау үшін пайдаланушылар туралы белгілі бір деректерді жинайды. VPN провайдері шифрланған пайдаланушы деректеріне қол жеткізе алмайды, бірақ, мысалы, қайта сату немесе маркетингтік мақсаттар үшін кірген сайттардың тарихын жинай алады. Сондықтан қандай да бір қызметтердің шарттарын мұқият оқып шығу керек.

Бұл тұрғыда сенімді әзірлеушілердің коммерциялық шешімдеріне артықшылық берген дұрыс, өйткені ақылы қызмет көбінесе жауапкершілік пен құпиялылықты қамтамасыз етеді.

VPN таңдау кезінде тәуелсіз тестілерді де зерттеу керек. Маңызды параметрлердің қатарына жұмыстың жылдамдығы мен тұрақтылығы, қолдау көрсетілетін хаттамалар, әлемнің әртүрлі нүктелеріндегі серверлердің саны, қызметтің сенімділігі мен құны жатады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: