Ecoportal басылымының жазуынша, бұл технология қалыңдығы небәрі 0,3 мм болатын ультра жұқа мата негізіндегі құрылғыдан тұрады.
Құрылғы ауадан энергияны сіңіріп, оны электр энергиясына айналдырады. Ол ауадағы ылғал мен жылудың әсерінен электр қуатын өндіре алады. Нәтижесінде құрылғы 150 сағаттан астам уақыт бойы шамамен 0,7 вольт электр энергиясын өндіреді.
Сонымен қатар бұл технология энергияны өте аз шығынмен қалыптастыруға мүмкіндік береді. Яғни болашақта ол пайдаланушылардың ай сайынғы электр энергиясына жұмсайтын шығынын азайтуы мүмкін.
Қазіргі уақытта бұл технология сынақ кезеңінде. Алайда алғашқы нәтижелердің өзі энергетика саласында үлкен өзгерістер болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.
Бұған дейін елімізде ғылым саласындағы әйелдердің үлесі қанша екенін жазған болатынбыз.