Елімізде ғылым саласындағы әйелдердің үлесі қанша
Сурет: primeminister.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 8 наурызда осы саладағы әйелдердің үлесі туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрліктің мәліметінше, бүгіндері елімізде магистр, PhD докторы, бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесіне ие 120 896 азамат бар. Соның 62 433-і, яғни 51,6 пайызы – әйелдер. Бұл – ғылым мен білім саласында әйелдердің орны айқын әрі берік екенін көрсетеді.
"Жоғары білім беру жүйесінде де әйелдер жетекші орындарға нық орналасқан. Профессор-оқытушылар құрамындағы әйелдердің үлесі 65,7 пайызды құрайды. Яғни, мыңдаған студенттің кәсіби қалыптасуына, азаматтық көзқарасының орнығуына тікелей ықпал етіп отырған оқытушылардың басым бөлігі – әйелдер қауымы. Елімізде ғылыми зерттеулермен айналысатын 12 893 әйел бар. Бұл ғылыми қызметкерлердің жалпы санының 56 пайызына тең. Әйел зерттеушілердің жалпы зерттеушілер санындағы үлесі 55,7 пайызды құрайды. Олар іргелі зерттеулерден бастап қолданбалы және пәнаралық жобаларға дейінгі түрлі ғылыми бағыттарда табысты еңбек етіп келеді". ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Жаратылыстану ғылымдарында 3 625 әйел еңбек етсе, инженерлік әзірлемелер мен технологиялар саласында – 2 625, гуманитарлық ғылымдарда – 2 471 зерттеуші қызмет атқарады. Әсіресе гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарда әйелдер үлесі 65 пайызға жетеді. Бұл көрсеткіштер ғылым кеңістігіндегі әйелдердің белсенді әрі ауқымды үлесін айқын дәлелдейді.
Бұған дейін 116 жасқа келген еліміздегі ең қарт әжей Ұлытау облысында тұратынын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript