Қазақстанның ұлттық саябақтарындағы ТОП-5 танымал визит орталық

2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы статистика бойынша, Алматы облысындағы "Іле-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген шатқалындағы "Turgensai" және "Аюсай" туристік визит-орталықтарына еліміз бойынша ең көп саяхатшы келген.

Алғашқы алты айда бұл орталыққа 258 632 адам саяхаттаған.

Екінші орынға алты айда 49 332 келушілерді жинаған Алматы облысының Шарын каньонындағы "Sharyn" визит орталығы жайғасты.

Ал үшінші орынға Ақмола облысының Зеренді қаласындағы визит-орталық тұрақтады. Биыл бірінші жартыжылдықта орталық 11 709 адамды қабылдаған.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, сонымен қатар Ақмола облысындағы Қорғалжын қорығының сапар орталығына 7 мыңнан астам адам барса, Алматы облысының Алтын емел ұлттық саябағындағы "Алтын Емел" орталығына 6 мыңнан астам адам келген.

Туризм және спорт вице-министрінің айтуынша, ұлттық парктердегі визит-орталықтар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы алаңының 5%-ынан аспайды және экологияға зиян келтірмей жұмыс істейді.

"Туристерге орналасу орны және келу ережелері туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар тамақтану және уақытша орналастыру қызметтері көрсетіледі. Қазір Қазақстанда мұндай нысандарға сұраныс артып келеді", - деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Қазақстан Астана Алматы облысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: