Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Фото: Zakon.kz
The Worldworthy 100 халықаралық рейтингіне 2026 жылы Қазақстанның үш туристік нысаны енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы бірнеше туристік бағыт әлемдік рейтингте жоғары орындарға ие болды:

  1. Қимасар шатқалы – әлемдегі үздік жаяу серуендеу бағыттарының арасында 56-орын;
  2. Бутаковка шатқалы – әлемдік рейтингте 79-орын;
  3. "Шымбұлақ" аспалы жолы – әлемдегі үздік аспалы жолдар арасында 9-орын.

Аталған үш нысан да 2026 жылғы Worldworthy 100 рейтингі лауреаттарының сертификаттарымен марапатталды.

Worldworthy 100 – келушілердің пікірлері мен бағалары, журналистік зерттеулер және ашық дереккөздердегі ақпарат негізінде жасалатын халықаралық редакциялық рейтинг.

"Бұл жетістік Іле-Алатауының табиғи көрікті жерлеріне деген халықаралық қызығушылықты арттырып, Қазақстанның экотуристік әлеуетін танытуға ықпал етеді", – деп хабарлады 2026 жылғы 12 қарашада Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ведомство өкілдері табиғи мұраның халықаралық деңгейде мойындалуы – мақтануға тұрарлық жетістік қана емес, сонымен қатар оны сақтау мен қорғаудың маңызын еске салатын жағдай екенін атап өтті.

Бұған дейін әйгілі Шарын шатқалы әлемдегі үздік 100 каньон мен шатқалдың тізіміне енгені белгілі болған еді.

Қазақстан
Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді