Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарлық кәсіпкер Қорғаныс министрлігін сотқа берді

Тендер, Қорғаныс министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2021 14:59 Zakon.kz
Аталған министрлік оған 130 млн теңгедей берешек екен

Тендер арқылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы әскери қоймаға жөндеу жұмыстарын жүргізген павлодарлық кәсіпкерге Қорғаныс министрлігі ақша төлеуден бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпкердің айтуынша, Қорғаныс министрлігі бастапқыда оған жұмыс ұсынып, кейін оны өзге мердігерге беріп жіберген, осылайша, бір жұмысқа екі рет конкурс өткізген, деп мәлімдеді "Астана" телеарнасының жаңалықтар бөлімі.

Қорғаныс министрлігі төлем жасамағандықтан, біз биыл салық та төлей алмай отырмыз. Жалпы қарызымыз  12 млн теңгені құрады. Оның ішінде салықтан бөлек, жұмысшылардың жалақысы бар, бізге құрылыс материалдарын жеткізіп берген кәсіпорынға да қарызымыз бар. Банкротқа ұшыраудың алдында тұрмыз. кәсіпкер Евгений Кузьменко

Кәсіпкер жұмыстың жалпы көлемін 128 млн 880 мыңға бағалаған. Ақысын төлемеген соң сотқа да жүгініпті.  Алайда сот кәсіпкердің арызын қанағаттандырмаған. Амалы таусылған бизнесмен, кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес өкілдеріне де жүгінген.  

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы да мемлекеттік сатып кезінде өрескел заңбұзушылық болғанын айтып, мұны құзырлы органдар тексеруі керек деп отыр.

Бюджет ақшасы болғандықтан, тиісті шара қолданылуы тиіс. Қазір Қаржы министрлігінің атына хат жаздық. Аталған факті бойынша тиісті тексеру жүргізіліп жатыр. Жұмыс орындалған. Сондықтан министрлік ақы төлеуге міндетті.Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Серік Әубәкіров.  

«Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық экономикалық соты «МИККОН» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы ретінде таныды. Ал аталған кәсіпорынның атқарылған жұмыстарының актісін сот қабылдаудан бас тартты. Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші инстанциядағы сот шешімінін өзгеріссіз қалдырды», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Мәселеге қатысты Қорғаныс министрлігінің бұл жауабы кәсіпкерді қанағаттандырмады, енді ол Жоғары сотқа жүгінбек. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: