Сенаторлар Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыру мәселесін талқылады

Сенаторлар, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2022 13:51 Сурет: senate.parlam.kz
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен ұрыс қабілетін арттыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов терроризмге қарсы операцияларды жүргізу және дағдарыстық жағдайларды басқарудың бірыңғай орталығын құру кезінде лауазымды тұлғалардың іс-қимылдарын заңнамалық деңгейде реттеу қажет екенін айтты.

Жастардың әскери қызметке деген ынтасын арттыруға, әскерге шақырылатын жастар мен әскери қызметшілерді тәрбиелеуде жаңа тәсілдер мен стандарттарды қолдануға байланысты шараларға ерекше назар аударды, – делінген хабарламада.

Кездесу барысында парламентшілер қорғаныс шығыстарын қаржыландыруға, сонымен қатар әскери ұжымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты мәселелерді де көтерді.

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен өткен кездесуде ол Президенттің жыл басында берген тапсырмаларын уақтылы және сапалы заңнамалық қамтамасыз ету қажет екенін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: