Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев әскери қызмет және тұрғын үй қатынастары мәселелері жайлы заңға қол қойды

Баспанамен қамтамасыз ету, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2022 13:40 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Заңда қызметтік тұрғын үйлерді жекешелендіру, қызметтік тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша немесе өтеусіз негізде жекешелендіру құқығының алмасуы қарастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Заң әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әлеуметтік қамсыздандырылуын жақсартуға, әскери қызметті өткеру мәселелерін регламенттеуге арналған.

Атап айтқанда, құжатта мыналар қарастырылады:

  • қызметтік тұрғын үйлерді жекешелендіру құқығының ауысуы, ақшалай өтемақы алу және қайтыс болған арнайы органның қызметкері мен әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне алмасу құқығын пайдалану;

  • қызметтік тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша немесе өтеусіз жекешелендіру;

  • тұрғын үймен екі рет қамтамасыз ету жағдайларын шектеу;

  • әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін кеңейту.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: