Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Нұр-Сұлтан, терроризм, лаңкестік, оқу-жаттығу, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 09:00 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Жаттығу әскери жағдайларға барынша ұқсатылған, әртүрлі күрделі элементтерден тұрады. Ведомство қала тұрғындарын оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 сәуірде сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді, деп жазды inform.kz.

Оқу-жаттығулар «ҚТЖ» АҚ жолаушылар техникалық паркінің аумағында (Шу көшесінің аяғы, Әл-Фараби даңғылы менҚошқарбаев көшесінің қилысы) өтеді.

Іс-шараның мақсаты – жедел штабтың күштері мен құралдарының лаңкестік көріністерге жедел тойтасрыс беру бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеру. Жаттығу әскери жағдайларға барынша ұқсатылған, әртүрлі күрделі элементтерден тұрады. Нұр-Сұлтан қаласы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб

Штаб хабарлағандай, жолаушылар техникалық паркінің аумағында шектеу шаралары қарастырылған.

Ұйымдастырушылар халықты оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: