Алматыда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Жаттығу кезінде шектеулер қарастырылады. Тұрғындардан оқиғаға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 сәуірде Алматы қаласының Түрксіб ауданы, Спасская көшесі, 67 үй бойында сағат 6:00-ден 12:00-ге дейін жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтуде, деп хабарлады Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабы.
Жаттығулар барысында адам көп шоғырланатын жерлерде лаңкестік сипаттағы қауіп төнген кезде өзара әрекеттесу дағдыларын пысықтайды.
Жаттығу кезінде шектеулер қарастырылады. Осыған байланысты біз азаматтарды болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз. Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабы
Штаб қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен айналысатын тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript