Алматыда лаңкестікке қарсы күрес бойынша жаттығу өтіп жатыр

Arnapress.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2021 18:47 Arnapress.kz
Жаттығу міндеттері терроризмге осал объектілердегі терроризм актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.

Алматыда жоспарға сай лаңкестікке қарсы жаттығулар өтіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

22 маусымда Алмалы ауданында, Клочкова көшесі, 26 үй мекен-жайы маңында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жоспарға сай лаңкестікке қарсы жаттығулар өтеді, - делінген Лаңкестікпен күрес жөніндегі МӨША хабарламасында.

Жаттығудың мақсаты - адамдар көп шоғырланған жерлерде террористік қауіп-қатер туындаған кезде өзара іс-қимыл дағдыларын машықтандыру.
Жаттығу міндеттері терроризмге осал объектілердегі терроризм актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.

Жаттығу кезінде шектеу шаралары қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты біз азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жаттығуларды өткізуге қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырамыз, - деп хабарлады құзырлы ведомства.

Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратыны ескертіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: