Ақтауда қашып кеткен сарбаз табылды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтауда жоғалған әскери қызметкерді іздеу аяқталды: ол өз бетімен оралды. «Батыс» ӨҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Әділбеков Бағлан бөлімшеден өз еркімен кеткен соң, ата-анасымен кездескен, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылғы 17 мамырда сағат 07.15 шамасында 6656 әскери бөлімінің жауынгері қатардағы Әділбеков Бағлан Ақтау қалалық полиция бекетіне өз еркімен келді. «Батыс» ӨҚ баспасөз қызметі
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 14 мамырда патрульдік күзет қызметін атқару кезінде қатардағы жауынгер әскери бөлімшелердің жиналып, әскери бөлімге жөнелтілетін жеріне келмей, қызметтік орнын рұқсатсыз тастап кеткен.
Қатардағы жауынгер ата-анасымен кездесті. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. «Батыс» ӨҚ баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript