Жаңалықтар тізбегі
0

Байқоңырда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Терроризмге қарсы оқу-жаттығу, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2022 11:56 Сурет: Байқоңыр ғарыш айлағының баспасөз қызметі
Байқоңыр тұрғындарына қала аумағында бір апта бойына терроризмге қарсы және командалық-штабтық жаттығулар өтетіні, сондай-ақ қалалық дабыл жүйесін тексеру жүргізілетіні ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқоңыр әкімшілігінің Қауіпсіздік және режим басқармасы атап өткендей, қала аумағында 24-28 қазан аралығында мынадай іс-шаралар жоспарланып отыр:

  • терроризмге қарсы операцияны басқару, террористік актінің салдарын азайту және жою бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтау мақсатында өткізілетін "Экран-Байқоңыр 2022" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы;

  • 27 қазан - халықты хабардар ету және "Баршаның назарына!" дабыл белгісі бойынша аяқтан тік тұру жайын ақпараттандыру. Іс-шара шеңберінде халықты хабардар ету мен ақпараттандырудың қалалық дабыл жүйесіне тексеру жүргізілетін болады;

  • 28 қазан - Байқоңыр қаласының аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің басқару органдары мен күштерінің қатысуымен "Күз-2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Ведомство өткізіліп жатқан оқу-жаттығуларға байланысты Мир, Сейфуллин көшелері мен академик Королев даңғылы бойынша жүріп-тұруға шектеулер енгізілетіндігін нақтылайды.

Жоспарланған іс-шараларға байланысты Байқоңыр әкімшілігінің Қауіпсіздік және режим басқармасы қала тұрғындарынан оқу-жаттығу кезінде аса қажет болмаса, аталған аудандарда жүріп-тұруды шектеуді әрі бұған түсіністікпен қарауды сұрайды, делінген хабарламада
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: