Атырауда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
18 қазанда Атырау облысының территориясында Теңіз жедел штабының терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулары өткізіледі.
Оқу-жаттығудың мақсаты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының терроризм актілерінің жолын кесу, олардың салдарын мейілінше азайту және жою жөніндегі қызметке дайындығын тексеру болып табылады.
Осыған байланысты көрсетілген уақыт кезеңінде Атырау қаласының жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілетін болады.
Сондай-ақ терроризмге қарсы күрес жөніндегі Теңіз жедел штабы қала тұрғындары мен қонақтарынан өткізіліп жатқан жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды сұрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript