Жаңалықтар тізбегі
0

Әскери қызметші қаза тапқан жағдайда өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулық бекітілді

ҚР Қорғаныс министрлігі, әскери қызметкер, өтемақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 12:18 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы бұйрығымен Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан жағдайда, біржолғы өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулық бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұсқаулықта әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан жағдайда, оған мүгедектік белгіленген немесе ол әскери қызмет өткеруге байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы тағайындау тәртібі жазылған.

Әскери қызметшінің немесе әскери міндеттінің қаза табу (қайтыс болу) себебін айқындау мақсатында ол әскери қызмет өткерген әскери бөлім қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді.

Әскери бөлім қызметтік тергеп-тексеруді жүргізгеннен кейін мынандай құжаттар ресімделеді:

  • әскери қызметшінің немесе әскери міндеттінің қаза табуына байланысты қызметтік тергеп-тексеру материалдары;
  • қаза тапқан әскери қызметшінің оқиға болған сәттегі ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтама;
  • әскери қызметшіні немесе әскери міндеттіні әскери бөлім тізімінен шығару туралы әскери бөлім командирінің бұйрығынан үзіндіні.

Құжаттар ресімделгеннен кейін әскери бөлімдер оларды мұрагерлердің тұрғылықты жері бойынша ЖӘБО-ға үш жұмыс күні ішінде жолдайды.

Өтемақы әр мұрагерге төленеді.

Бұған қоса Нұсқаулықта әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттіге мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібі жазылған.

Бұйрық 2022 жылғы 25 желтоқсанда күшіне енеді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: