Қорғаныс министрлігі жауынгерлердің бейбіт уақыттағы қазасы туралы айтты
Сурет: Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бейбіт уақытта әскерилер қаза болған жағдайда кім жауапты екенін және бұл неліктен болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Журналистер жыл басынан бері Қарулы Күштерде әскерилердің өліміне қатысты бірнеше оқиға тіркелгенін атап өтті. Олардың айтуынша, көп қазақстандық мұны әскердегі дедовщинамен байланыстырады. Осы орайда БАҚ өкілдері бейбіт уақытта әскери қызметкерлердің өліміне Қорғаныс министрлігі жауапкершілік ала ма деп сұрады.
"Өкінішке қарай, Қарулы Күштерде мұндай фактілер болып отыр. Бірақ Қарулы Күштер қоғамның бір бөлшегі екенін айта кеткен жөн: қоғамда болып жатқан барлық үдеріс Қарулы Күштерде де бар. Сіздің жаңа ғана атап өткеніңіз болып жатыр... Біз тек Қорғаныс министрлігі мен министрлікке бағынатын әскери бөлімдерге ғана жауап бере аламыз".Сұлтан Камалединов
Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Серік Боранбаев "Әр жағдай тек туыстары мен жақындарының ғана емес, бүкіл Қарулы Күштердің қайғысы мен шығыны" екенін айтты.
"Иә, біз жауаптымыз. Сонымен қатар төменгі буыннан Қорғаныс министрлігінің басшылығына дейін жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан әр іс жеке және ерекше қарастырылатынын түсінгеніңіз жөн деп ойлаймын".Серік Боранбаев
29 тамызда Қарағандыда келісімшарт бойынша әскери қызметшінің қайтыс болғаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript