Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте борышын өтеп жүрген сарбаз психиатриялық ауруханаға түсті

Сарбаз, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 23:31 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте әскери бөлімде борышын өтеп жүрген сарбаз психиатриялық аурухана түсті. Туыстарының сөзінше, 35748 артиллерия дивизионының жауынгері Самрат Тыныштықбайдың 5 күн бұрын ғана ақыл-есі дұрыс болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"КТК" телеарнасының хабарлауынша, Самрат Тыныштықбай кейінгі екі-үш күнде есін жоғалтып, аяқ асты өзгеріп кеткен. 20 жастағы сарбаздың туыстары бұл әскери бөлімдегі әлімжеттіктің кесірі болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.

"Күдігіміз бар, ұрған болуы керек. Әйтпесе, екі күнде ол бүйтіп жынды адамға ұқсап қалмайды ғой. Жынды адам сияқты боп қалған. Оны қорқытып, үркітіп, ұрып-соғып, соны білдірмейтін қылған. Жаңа біреу "психотроп зат салып жіберуі де мүмкін" деді. Сап-сау баланы екі күннің ішінде әскери бөлім психауруханаға жатқызған. Не деген оңбаған адамдар!"Салтанат Тыныштықбай, сарбаздың апасы

Ал әскери бөлімдегілер туыстарының күдігін теріске шығарып отыр. Самрат таңғы сап түзеу кезінде түсініксіз әрекет жасаған көрінеді. Өзге сарбаздарға әмір бере бастаған, пәрмендерді тыңдауды қойған соң медициналық ротаға жібердік деп жауап берген.

"Үндемей сапта тұрады да, бірақ бір кезде бірдеңе деп сөйлеп тұрады. Мысалы, "сапқа тұрыңдар" деп айғайлайды. Өзімен өзі. Сосын өлең айтады. Бәріміз бір сапта тұрғаннан кейін белгіленген тәртіп бар. Ол тәртіпке бағынамыз. Ол тәртіпке бағынбай, бір теріс қылықтар жасады". Әділет Кенжебеков, 35748 әскери бөлімі артиллерия дивизионының командирі

20 жастағы сарбазды кешелі бері тексеріп жатқан психикалық емдеу орталығының мамандары есінде кемістігі бар екені анық дейді, бірақ нақты диагноз 10 күннің ішінде қойылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: