Жамбыл облысында заңды тұлғалардың көліктері әскери оқу-жаттығуға тартылады

ҚР Қорғаныс министрлігі, әскери оқу-жаттығу, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2023 12:33 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі "Заңды тұлғалардың көлік құралын оқу-жаттығуға тарту туралы" қаулы әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.


Құжатта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, жұмылдыру тапсырмасына сәйкес 2023 жылы оқу-жаттығуларға заңды тұлғалардың 36 техникасын тартатыны жазылған.

Қорғаныс министрлігі берген түсініктеме бойынша, жоба мақсаты – заңды тұлғалардың көлік құралдарының техникалық жай-күйін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жеткізуге әзірлігін тескеру.

Қаулы 6 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: