Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысындағы су тасқынына қарсы шараларға сарбаздар жұмылдырылды

Түркістан облысы, Арыс өзені, Қарулы күштер қызметкерлері, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2023 10:12 Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында қардың күрт еруінен Арыс өзеніне құятын Қабылсай каналы арнасынан тасып, көптеген елді мекенді су басты. Су тасқынына қарсы шараларға Қорғаныс министрлігіне қарасты 44859 әскери бөлімінің жүз сарбазы жұмылдырылды, деп хабарлайды, Zakon.kz.

Елді мекендерді су басу қаупіне байланысты Арыс қаласы әкімдігінің, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығы, ауылдық округтердің әкімдері су тасқынына қарсы шаралар ұйымдастырды.

Оған Қарулы күштердің 44859 әскери бөлімінің жүз сарбазы, №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы, "Жасыл Арыс" КММ мамандары, жастар ресурстық орталығының еріктілері жұмылдырылды.

Түркістан облысы, Арыс өзені, Қарулы күштер қызметкерлері, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2023 10:12

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта ауылдық округтерге және су басу қаупі бар аймақтарға жіберілетін 2 мың қап құм дайындалды.

 Аймақ басшылығы орын алған жағдайды бақылауда ұстайды. Кезекші бекеттерде өзен ағысы мен су деңгейін бақылау жүзеге асырылатын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: