Қазақстанда жеке әскери компания құруға бола ма
Сурет: Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов 23 ақпан күні сенат отырысында "Қазақстан жеке әскери компаниялар құруға рұқсат бере ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
БАҚ өкілдері Қазақстанда жекеменшік әскери компаниялар құруға болатын-болмайтынын сұрады.
"Біздің әскери компания құру бойынша заңдық базамыз жоқ. Менің ойымша, олар қажет емес. Өйткені мемлекет өз елінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қарулы күштерді, басқа да әскерлерді, әскери құрамаларды ұстайды. Ал Конституцияда республикада қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа құрылымдар жоқ".Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов
23 ақпанда Қорғаныс вице-министрі Украинадағы қарулы қақтығыс аясында Қазақстан армиясында не өзгергені туралы да айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript