Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда әскери ұшқыштардың, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі

Қазақстанда әскери ұшқыштардың, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2023 15:18 Сурет: Zakon.kz
Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов сенат отырысында Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары, әскери жоғары оқу орындарының оқытушылары мен әскери дәрігерлердің жалақысы 30%-дан астамға өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon. kz.

Қорғаныс министрі орынбасарының айтуынша, бүгінде кейбір әскерилердің жалақысын көтеру туралы ұсыныстар қолдау тапты.

"Үкімет мынадай бастамаларды қолдады: Әскери-әуе күштері ұшқыштарының жалақысы өсті. Биыл әскери жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеру мәселесі шешіліп жатыр. Әскери қызметкерлердің келесі санаты – әскери дәрігерлер. Жалақыны азаматтық сектордағы медицина қызметкерлерінің деңгейіне дейін көтеру де үкімет тарапынан қарастырылып, қолдау көрсетіліп жатыр. Жалақы 30%-дан аса көтеріледі".Сұлтан Камалетдинов

Ол кейінгі жалақы әртүрлі көрсеткіштерге, соның ішінде әскери атаққа, лауазымға, ұшу уақыты мен класына байланысты екенін атап өтті.

Бұған дейін Сұлтан Камалетдинов Украинадағы қарулы қақтығыс аясында Қазақстан әскерінде не өзгергенін айтқан еді. Сонымен қатар ол Қазақстанда жеке әскери компаниялар құру мүмкіндігі туралы да қоса кетті.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: