Жаңалықтар тізбегі
0

"МАЭК" ЖШС қызметкерлері Тоқаевтың атына жолданған видео үндеудегі кейбір мәліметтерді жоққа шығарды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2023 12:00 Сурет: видеодан алынды
"МАЭК"-тің ірі бөлімшелерінің бірінің қызметкерлері үндеу жолдаушылардың атынан тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызметкерлердің хабарламасында видео үндеуде жөндеу жұмыстарын орындауға, сондай-ақ жөндеу зауыты қызметкерлерінің кәсіби біліктілігіне қатысты тексерілмеген және дәйексіз ақпаратқа жол берілгені айтылған.

"Жөндеу зауыты жұмыскерлері комбинаттың іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше еңбек етуде. Қолданыстағы құрал-жабдықтардың тозуына байланысты төтенше жағдайлар орын алатыны жасырын емес, алайда олар  мүмкіндігінше қысқа мерзімде жойылады". МАЭК ЖШС баспасөз қызметі

Комбинат әкімшілігі облыс әкімдігімен бірлесіп, комбинат жұмысын қаржыландыру және қолдау мақсатында жүйелі жоспар негізінде бірқатар іс-шараларды жүзеге асырып жатқаны да атап өтіледі.

"Әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпарат ел арасында дүрбелең туғызады. Ал бұл өз кезегінде мекеменің  жұмысына кері әсерін тигізеді". "МАЭК" ЖШС жөндеу зауыты бас инженерінің орынбасары Қалижан Қабдулов

Видео үндеуді жолдаушылар  "МАЭК" ЖШС басшылығы кәсіподақ өкілдері және қызметкерлердің қатысуымен кездесулер өткізіп, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекті қорғау мәселелерін талқылап отыратынын атап өтті. 

Сонымен кездесулердің қорытындысы бойынша мынадай мәселелер шешілді:

-2023 жылғы 1 ақпаннан бастап жалақысы төмен 540 қызметкердің айлығы 35%-ға өсті;

- жұмысшы қаза тапқан жағдайда біржолғы материалдық көмек мөлшері 100 АЕК-ке, ал марқұмның отбасы мүшелеріне төленетін қаржы 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды;

- сонымен қатар, алғашқы неке қию кезінде 30 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек төлемі енгізілді;

- Энергетика күніне арналған сыйақы мөлшері 50 АЕК-ке дейін ұлғайтылды;

- Республика күні мерекесіне орай 25 АЕК мөлшерінде сыйлықақы төлеу енгізілді.

Сонымен қатар, жұмысшылар наразылығын тудырған маңызды мәселелерді қарау және шешу мақсатында энергокомбинатта ай сайын қоғамдық кеңес құрылым, ол бойынша кәсіпорын басшылығы азаматтар мен қызметкерлерді апта сайын қабылдайды.  

Ал құрылған telegram чат арқылы қызметкерлер өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қоя алады. Қажет кезде өз ұсыныстарын білдіреді. 

Бүгінгі таңда "МАЭК" ЖШС мекемесінде 3627 адам еңбек етеді. Кәсіби білікті  қызметкерлер комбинатқа қарасты нысандардың  өндірістік жабдықтарына қажетті жөндеу жұмыстарын сенімді әрі тиісті деңгейде жүргізеді. 

МАЭК-тегі жұмысшылардың орташа жалақысы - 271 000 теңге. 2022 жылғы наурызда өндірістік қызметкердің жалақысы 30%-ға өсті (комбинат басқармасының басшылары мен қызметкерлерін қоспағанда), сондай-ақ бір лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақыларын және мемлекеттік және кәсіптік мерекелерге 10 және 25 АЕК мөлшерінде сыйақылар төлей отырып, мәселе шешілді. 



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: