Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция Сәтпаевта дәмханадағы төбелес кезінде кісі өлімінің орын алғанын жоққа шығарды

Фейк, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 19:50 Сурет: Zakon.kz
Ұлытау облысының полициясы Zakon.kz-ға Сәтпаев қаласында төбелес кезінде дәмханаға келушілердің бірінің көз жұмғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, 26 желтоқсанға қараған түні қаладағы кафелердің бірінде екі топ арасында қақтығыс орын алған.

Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер базбұзарларды ажыратты. Сонымен қатар, жедел жәрдем дәрігерлері де оқиға орнында көмек көрсетті, төбелескендердің ешқайсысы ауруханаға жатқызуды қажет етпеген.

"Төбелескендерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және материал процесуальдық шешім шығару үшін сотқа жолданды". Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі


Сондай-ақ, баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған видео құқық бұзушылықты тіркеу бойынша жүргізілген қажетті іс-шаралардан кейін түсірілгенін нақтылады.

Полиция көпті жалған қауесеттер мен ойдан шығарылған оқиғаларға сенбеуге шақырады.

"Көрінеу жалған ақпаратты таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік және көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін (жала жабу) ҚР ӘҚБтК 73-3-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз". Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: