Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті

Салтанатты шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2023 19:11 Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Сахна төріне еліміздің Мемлекеттік Туы салтанатты жағдайда шығарылып, Мемлекеттік Гимні шырқалып, көпшіліктің рухын көтеріп тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жауынгерлерді мерекесімен құттықтады. 

"Бұл – халқымызға тән батырлықтың және Отансүйгіштіктің мерекесі. Бабаларымыз ақ білектің ұшымен, ақ найзаның күшімен кең байтақ даламызды қорғап, бүгінгі ұрпаққа аманаттап қалдырған. Бабалардың аманатына адал болу – бүгінгі ұрпақтың перзенттік парызы.Себебі, тарих қойнауындағы ерлікке толы жеңісті жолымыз ұрпақ жадында мәңгі сақталуы тиіс". Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов


Салтанатты шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2023 19:11

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Сондай-ақ қала әкімі биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толып отығанын, осы жылдар ішінде ұлттық армиямыз түрлі даму сатыларынан өтіп, жылдан жылға қуаты артып келе жатқанын атап өтті.

"Бүгінде дайындық деңгейі жоғары, жауынгерлік рухы асқақ, заманауи қару-жарақ және әскери техникамен жабдықталған. Бір ауыз сөзбен айтсақ, айбынды армиямыз – тұғырлы Тәуелсіздігіміз мен мемлекетіміздің берік қорғаны болып табылады", - деді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

 

Салтанатты шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2023 19:11

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


 Әйтеновтің айтуынша, әлемде қалыптасқан геосаяси ахуал ел Тәуелсіздігі мен территориялық тұтастықты қорғауды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қай кездегіден де өзекті мәселеге айналдырып отыр.  

"Отан қорғау – перзенттік парыз, мәртебелі міндет. Еліміздің тыныштығы мен жеріміздің тұтастығын сақтау жолында қалтқысыз қызмет етіп жүрген ержүрек жауынгерлеріміздің еңбегі ерен. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін қадір тұтады". Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов


Салтанатты жиында қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар әскери қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады. 


Салтанатты шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2023 19:11

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Сонымен қатар жиында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев Қарулы күштердің ардагерлері мен жауынгерлерді мерекесімен құттықтап, мінсіз қызмет атқарған сардарлар мен сарбаздарды марапаттады. 

Жиынның соңы Шымкент әскери гарнизоны сарбаздары, қаладағы әскери оқу орындары курсанттары мен эстрада жұлдыздары қатысқан мерекелік концертке ұласты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: