ЕҰУ чемпион Санжар Тәшкенбайды қайта оқуға қабылдауға дайын екенін мәлімдеді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 21:47 Сурет: instagram.com/boxingkazakhstan
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Санжар Тәшкенбай өзі ниет білдірсе, белгіленген ережелер аясында оны қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Санжар Тәшкенбайдың 2021 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне грантқа, оқытушы-жаттықтырушы мамандығына түскені, бірақ оқудан шығып қалғаны туралы желіде жазба жарияланған болатын. Осыған қатысты аталған ЖОО баспасөз қызметі ақпарат таратты.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Санжар өзінің жеке өтінішімен оқудан шықты. Университет талантты студенттер мен түлектерді қолдайды. Біз барлық қазақстандық секілді Санжардың жеңісімен мақтанамыз және оған жаңа жетістіктер тілейміз. Санжардың өзі ниет білдірсе, университет белгіленген ережелер аясында оны қабылдауға дайын", деп el.kz Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сілтеме жасап хабарлайды. 
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: