Маңғыстау - өнбейтін тірліктің емес, өлмейтін бірліктің өнегелі бесігі - Дархан Қыдырәлі
Сурет: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
Ақтауда "Маңғыстау" газетінің 50 жылдығы, облыстық, қалалық, аудандық газеттер мен ақпараттық порталдың басын қосқан "Маңғыстау-Медиа" ЖШС-нің 10 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Елдің киесін сақтаған, ұлттық дәстүрдің өзегін жалғаған Маңғыстау өңірі әрқашан елдіктің тірегі болады» деген сөзі майлы қиянның тарихы мен тағылымына шын ықылас пен құрметтен туса керек. Сондықтан Маңғыстау - өнбейтін тірліктің емес, өлмейтін бірліктің өнегелі бесігі. Төрт бірдей мерейтойды атап өтіп жатқан осы маңғаз мекеннің төрт құбыласы түгел болсын!". ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі
Сонымен қара Дархан Қыдырәлі еліміздегі ұлттық БАҚ-тың атасы - "Қазақ" газеті, "Маңғыстау" газеті де сол "Қазақтың" жолын қуған ізбасарының бірі екенін атап өтті.
"Біз биыл сол "Қазақ" газеті жарық көрген - 2 ақпанды Ұлттық басылым күні деп жариялау туралы ұсыныс бердік. Өңірдің атын иеленіп отырған Маңғыстау басылымына да сол "Қазақтың" жолын тілейміз", - деді министр.
Сурет: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев "Маңғыстау" газеті аймақтың жарты ғасырлық тарихын талмай парақтап келе жатқанын атап өтіп, газеттің ардагерлері мен оқырманын, бүгінгі ұжымын құттықтады.
"Бүгінгідей аласапыран ақпаратта, жаңалығы мың құбылған заманда баспасөз қызметінің маңызы аса зор. Соның ішінде ақпарат және насихат құралы ретінде газеттің орны бөлек. Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлы "Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті", - деген екен. Осы орайда газеттердің ықпалын арттыру, журналистердің мәртебесін көтеру мәселесі де назардан тыс қалмауы керек. Маңғыстаудың баспасөз-ақпаратының қуаты артып, медиа орталықтарыңыз өркендей берсін! Қалам ұстаған қауымға шығармашылық шабыт, баршаңызға толағай табыс тілеймін!". Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев
Іс-шараға Парламент Сенаты және Мәжілісінің депутаттары мен қаламгерлер қатысты.
Сурет: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript